Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыИмам Бақытжан Өткелбаевтың айтуынша, бәрі адамның ниетіне байланысты.
Бұл сұраққа келсек, әрине, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті бойынша дұғаларды арабша оқыған абзал. Бірақ арабша білмейтін болса, дұғаны әркім өз тілінде оқуына болады. Бұл жерде адамның ниеті маңызды. Ниет етуді ұмытпаңыз, – дейді Әл-Фаттах мешітінің наиб имамы.
Осы орайда Muftyat.kz ұсынған сәресі мен ауызашар дұғаларын жариялаймыз.
Оқылуы:
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы:
«Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».
Ескерту: дұғаны араб тілінде оқу міндетті емес, ниет етіп қазақ тілінде де оқи беруге болады.
Оқылуы:
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы:
«Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ескерту: дұғаны араб тілінде оқу міндетті емес, ниет етіп қазақ тілінде де оқи беруге болады.
Ескерерлігі, сәрсеге тұра алмай қалсаңыз да, ниет етіп ауыз бекітуге болады.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды