28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Үкімет отырысынан кейін кулуарда мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ауыр атлет Владимир Седовтің өз-өзіне қол жұмсағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, жуырда белгілі спортшы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап, 35 жасында көз жұмды.
Министр спортшының ауыр атлетика тарихында есімі алтын әріппен жазылып, көк туды желбіретіп, өз үлесін қосқанын атап өтті.
Қазір бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары өз жұмысын жүргізіп жатыр. Нәтижесі шыққан уақытта біз түсінік беретін боламыз, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Еске сала кетейік, 2016 жылы Седовтың ағзасында допингтің бар екені анықталды. Бұл кезге дейін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы болды. 2019 жылы Седов 2008-2016 жылдар аралығындағы барлық атағынан айырылды. Ал 2021 жылы тағы бір ауыр атлет 25 жастағы Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсаған еді.
Кулуарда допингке қатысты да сұрақ қойылды. Оған қатысты министр бұл бағытта тек олимпиадалық спорт бойынша емес, басқа да спорт түрлеріне қатысты жүйелі жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Допингке қатысты алдын ала жұмыстарды үйлестіру қажеттігін атап өтті.
Спортшылар чемпион атанып, сосын артынан допинг болып шықса, бұл өзімізге ұят. Соны болдырмау үшін біз объективті түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Асхат Оралов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?