Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпараттарды жүзеге асыруда 53 жастағы Шу ауданы тұрғынының бақшасынан өсірілген есірткі бұталары мен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 кг "каннабис", сондай-ақ жалпы салмағы 9,22 гр "кептірілген марихуана" және жалпы салмағы 3,15 гр "гашиш" есірткі құралы екендігі анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ «Бүркіт» АМБ қызметкерлерімен, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын және «Теа» атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер