20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Сенат комитетінің кеңейтілген отырысында сенатор Сәкен Арубаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатордың айтуынша, 2017-2019 жылдар аралығында республикада 2840 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3 мың 284-ке жеткен.
Республика бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ең көп шоғырланған аймақтары – Түркістан, Жамбыл, БҚО және Ақмола облыстары. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тіркелген 3284 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60% салық төлемейтін немесе әрекетсіз болып отыр. Ал жергілікті атқарушы биліктің ақпаратынша, 1529 кооперативтің 432-сі жұмыс істемей тұрған. Мұндай елеулі айырмашылықтардан орталық билік пен жергілікті атқарушы биліктің өзара іс-қимылының, байланысының жоқтығын көруге болады, – дейді депутат.
Сондай-ақ, сенатордың айтуынша, биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен құрылған 400 ауыл шаруашылық кооперациясына 100 миллиард теңге бөлінген.
Ал аграрлық несие корпорациясы арқылы 543 ауыл шаруашылық кооперациясына 370 миллиард теңге қаржы бөлінген. Десе де елімізде бүгінге әлі де болса іріленбеген 268,3 мың шаруа қожалығы бар. Бұл шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытындағы жұмыстың әлсіз жүріп жатқанын көрсетуде, – дейді Сәкен Арубаев.
Депутат «Ауыл халқының табысын арттыруды баса назарға алып, әрбір ауылдық округте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, өңдеуге, өткізуге, сақтауға, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауға тартылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарын жүзеге асыру қажет», - деп санайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?