Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАуылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев айтты.
«Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады. Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 2 855 тұрғын үй салу жоспарлануда. Оған 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Марат Қарабаев.
Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілетінін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді