Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСолтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Мерген ауылында ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында заманауи байланыспен жабдықталған өңірдегі алғашқы ерікті өртке қарсы құралым ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев, облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, ТЖД және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Құралым «Гермес Агро» ЖШС базасында орналасқан. Еріктілердің иелігінде — АЦ-8-40 өрт автоцистернасы, мотопомпа, ауа үрлегіштер, рюкзак бүріккіштер, қорғаныш экипировкасы бар. Қажетті жағдай жасалған: жылытылатын гараж, тұрмыстық үй-жайлар, автономды сумен жабдықтау.
Байланыстың болуы жедел қызметтермен жылдам үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бекет Городецкий ауылдық округінің бес ауылына қызмет көрсетеді, бұл ден қою уақытын едәуір қысқартуға және өрттің салдарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Ауыл құтқарушылары бағдарламасы - бұл шалғайдағы елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Біз тіпті ең шалғай ауылдарға да жылдам және кәсіби көмек көрсетуге жағдай жасаймыз», — деп вице-министр Батырбек Әбдішев атап өтті.
Жобаны іске асыру шеңберінде ТЖМ техника, жабдық, байланыс құралдары мен киім-кешек берді.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды