Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы пункттің ашылуына қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ақсақалдар, олармен қатар 94 жастағы тыл еңбеккері Абюр Садықов және жергілікті тұрғындар қатысты.
Пункттің ашылуы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өтті. Ауыл еріктілері өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл жабдықтар ведомство тарапынан жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Ғимаратта душ, демалу бөлмесі, ас үй және әкімшілік бөлмелер бар. Жаңа пункт екі елді мекенді қамтып, 2000-нан астам адамды өрт қауіпінен қорғайтын болады.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов:
Бүгін Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Жақын арада облыста тағы үш осындай ерікті өртке қарсы құралым іске қосылады. Біздің мақсатымыз — ауылдық аймақтарда өртке қарсы сенімді қорғаныш жүйесін құру, - атап өтті.
Қазақстан ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы азаматтық қорғау инфрақұрылымын нығайтуға және ауылдық жерлерде еріктілер желісін кезең-кезеңімен кеңейтуге бағытталған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?