Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада төрт кезеңнен тұрады, олар қыркйүек, қазан, қараша, желтоқсан айларына жоспарланған.
Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.
Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.
Еске сала кетсек, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?