20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мыңға оқушыға артты.
Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:
I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.
Бұл ретте өткен жылғы олимпиада жеңімпаздары биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне пәндер сәйкестігі бойынша барлық кезеңдерге қатысу шарттарын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.
Мектепегі кезеңіне тіркелу auyl.daryn.kz сайтында өтті, ал кезеңнің өзі 2024 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бұл олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Осылайша, олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?