Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бастапқы кездесуінде жарыстың бірінші ракеткасы италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.
Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).
Шешуші, үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары