29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық Амир Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.k ақпарат агенттігі.
Әлемде жасөспірімдер рейтингінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Амир Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.
Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды. Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19-минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.
Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Амир Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек