Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАуғанстанның Герат провинциясында жолаушылар автобусы, мотоцикл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан кемінде 76 адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды. Бұл туралы 20 тамыз күні Pajhwok агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Герат губернаторының баспасөз хатшысы Муфтий Мұхаммад Юсуф Саидидің айтуынша:
Ислам-Кала қаласынан Кабулға бағыт алған 580 маркалы жолаушылар автобусы айналма жолда мотоцикл және Mazda жүк көлігімен соқтығысып, кейін өртеніп кеткен.
Қайтыс болғандардың арасында қарттар, әйелдер, балалар, автобус жүргізушісі, мотоциклші және жүк көлігінің жүргізушісі бар. Үш адам ауыр жарақат алған. Қаза тапқандардың денелері мәйітханаға жеткізіліп, жерлеуге дайындалған және Кабул провинциясына жіберілген.
Герат әкімшілігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиға орнына құтқару және медициналық қызметтердің дереу жеткенін хабарлады.
Ал Reuters агенттігіне сұхбат берген провинция әкімшілігінің өкілі Ахмадулла Муттаки апаттан кемінде 71 адамның, оның ішінде 17 баланың көз жұмғанын растады. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді