Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАуғанстандағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты, үш мыңнан астам адам жарақат алған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кунар провинциясындағы жер сілкінісінің салдарынан қазіргі уақытқа дейін 1411 адам көз жұмды, 3124 адам жарақат алды, 5412 үй қирады, – деп жазды Ауғанстан Жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид.
Ауғанстанның Қызыл Жарты ай ұйымының мәліметінше, қуатты жерасты дүмпулерінен шамамен сегіз мың үй қираған. Құтқарушылар аман қалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр. Әсіресе апаттан қатты зардап шеккен таулы аймақтарға жету қиын болып отыр.
Хабарламада табиғи апат болған өңірлердің 30 мың тұрғыны азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек алғаны айтылды.
БҰҰ өзінің төтенше жағдайларға әрекет ету қоры арқылы бес миллион доллар бөлді. Ұйым сарапшылары апат ауқымы жергілікті билік пен қауымдардың мүмкіндігінен әлдеқайда асып түсетінін атап өтіп, әлемдік қауымдастықты ауған халқына көмек көрсетуге шақырды.
Жер сілкінісінің магнитудасы 6-ға жетіп, оған қоса бес афтершок тіркелген. Зілзала Кунар, Лагман және Нангархар провинцияларына әсер етіп, көптеген ауыл қираған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер