Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМ.Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры Маңғыстау облысына гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттіг mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Театр ұжымы бүгін Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында Абай шығармалары негізінде "Қара" қойылымын ұсынады. Сонымен бірге, Т.Нұрмағамбетовтің "Бес бойдаққа бір той", А.Володиннің "Қоштасқым келмейді", Ғ.Мүсреповтің "Қыз Жібек" музыкалық драмасын сахналайды.
Гастроль министрлік қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Сапар аясында маңғыстаулық көрермендерге театр репертуарындағы бірнеше қойылым ұсынылады. Ақтау қаласынан бөлек, 11 желтоқсанда "Сәлем саған, Жаңаөзен" атты кездесу ұйымдастырылған. Біз бұған арнайы бағдарлама әзірледік, - деді театрдың директоры Еркін Жуасбек.
Оның сөзінше, Маңғыстауға театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Бекжан Тұрыс, Шынар Асқарова, Бақтияр Қожа, Бауыржан Қаптағай, Асылбек Боранбаев бастаған қырықтан астам актер келген келген.
Енді 10-13 желтоқсан аралығында ақтаулық көрермендер үшін Н.Жантөрин театрында әкемтеатрдың өнеріне куә болмақ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді