22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӘскери ЖОО-ның кіші авиация мамандарын даярлау оқу орталығында 130-дан астам азамат Отанның және ел алдында адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әскерге жаңа келгендер Ақтөбе, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан шақырылғандар.
Салтанатты шараға білім ордасының басшылығы, Ақтөбе облыстық мәслихатының өкілдері, әскер қатарын толықтырғандардың туыстары мен жақындары қатысты.
Екі айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын меңгерді, жалпы әскери жарғыларды, қарудың тактикалық және техникалық сипаттамаларын зерделеді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.
Оларды VIII шақырылған Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Сергей Вишняк, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының қолбасшылығы және жас жауынгерлердің ата-аналары құттықтады. Әскери ант берген соң мерзімді қызметтің сарбазы Ұлан Байтелов өз ойын білдірді.
Бүгін мен қолбасшылықтың, ата-анамның және достарымның алдында Отаныма адал болуға ант бердім! Бұл мен үшін өте әсерлі болды: екі айлық қызметтен кейін туыстарымды көрдім. Командирлерімнің сенімін ақтауға және ата-анама сөз келтірмеуге тырысамын, – деді ол.
Салтанатты шараға қатысушыларға сарбаздар қару-жарақпен саптық дефиле көрсетті. Ресми бөлімнен кейін Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Тимур Еспағанбетов ата-аналармен әңгімелесіп, мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыс жағдайымен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Одан өзге жас жауынгерлер туыстарымен кездесуге алғаш рет қызметтен босатылды.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына шақырылған мерзімді қызмет сарбаздары бес ай ішінде кіші авиация мамандары лауазымына даярлықтан өтетінін айта кетелік. Оқудан кейін олар одан әрі қызмет өткеру үшін ҚР Қарулы күштерінің авиациялық бөлімдеріне жіберіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев