Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі16 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, қар, шектеулі көрініс, көктайғақ пен желге байланысты Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 165 шақырымды құрайтын ”Қызылорда-Павлодар” (Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы) трассасында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Ал Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" (Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы) жолында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша тыйым салынды.
"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 246 техника және 445 жолшы жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс