Ауа райы болжамы: Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, Астанада күн жылынады

Ауа райы болжамы: Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, Астанада күн жылынады

Мадина Асылбекова
Фото: ©Артем Чурсинов

23-25 қазан аралығында Алматыда жаңбыр мен қар жауып, түнде үсік жүреді. Ал Астанада демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жексенбіде +8 градусқа дейін жылынады.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, бірақ жел күшейеді. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматыда күн суытады

23 қазан, жұма күні Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус болса, күндіз +8…+10 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді.

24 қазан, сенбі күні де жауын-шашын жалғасады. Синоптиктер жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін екенін ескертеді. Түнде ауа температурасы -2…-4 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3…+5 градус шамасында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді.

25 қазан, жексенбі күні жауын-шашын тоқтайды. Алайда түнде аяз күшейіп, ауа температурасы -4…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +3…+5 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Осылайша, демалыс күндері Алматыда ауа райы суытады. Сенбі мен жексенбіде де күндізгі температура +5 градустан аспайды.

Астанада жексенбі күні күн жылынады

Алматыда қар жауып, түнгі аяз күшейсе, Астанада демалыс күндерінің соңына қарай ауа температурасы көтеріледі.

23 қазан, жұма күні елордада құбылмалы ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -2…-4 градус, күндіз 0…+2 градус болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады.

24 қазан, сенбі күні де жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +2…+4 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 5-10 метр болады.

25 қазан, жексенбі күні түнде -3…-5 градус аяз күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы +6…+8 градусқа дейін көтеріледі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады.

Шымкентте жауын-шашын болмайды, жел күшейеді

23 қазан, жұма күні Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +3…+5 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

24 қазан, сенбі күні де жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градус шамасында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

25 қазан, жексенбі күні құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, түнде екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қазақстанға суық ауа массасы келеді

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанға суық антициклон жақындап келе жатқанын ескерткен. Ол ел аумағына жаңбыр мен қар әкелген циклонның орнын басады.

Алдымен суық ауа райы батыс өңірлерге жетіп, кейін елдің қалған аумағына таралады деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз

{