30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұған дейін Сенат депутаты Ольга Булавкина өз сауалында Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) кезінде, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы бірнеше есе артқанда, оқу орындарын қашықтан оқыту форматына көшіру тәртібі нақты регламенттелмегенін айтқан болатын.
Депутат өз сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдап, ҚМЖ кезеңінде мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын іске асырудың ресми тәсілдерінің бірі ретінде қашықтан оқытуды заң жүзінде бекітуді сұрады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші және үшінші деңгейі енгізілген кезде, сондай-ақ зиянды заттар үш еседен артық асқан жағдайында атқарушы органдар оқушылар мен студенттерді олардың денсаулығын қорғау мақсатында қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдауға құқылы, – делінген депутаттық сауалда.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов жауабында қашықтан оқыту Қазақстан заңнамасы бойынша ресми қалыптасқан білім беру формасы екенін, ол тиісті министрлік бұйрығымен реттелетінін айтты.
Қашықтан оқыту форматы ҚМЖ кезінде, төтенше жағдайларда, шектеу шаралары енгізілгенде, медициналық көрсеткіштер бойынша, ата-аналардың өтініші негізінде немесе өзге де негіздер болған жағдайда қолданылады.Осылайша, ҚМЖ-ның екінші және үшінші деңгейінде, сондай-ақ зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы үш еседен артық асқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар оқушыларды олардың денсаулығын қорғау үшін қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдай алады», – деп атап өтті премьер-министр.
Айта кетейік, қараша айының соңында Алматы әкімдігі қалада соңғы күндері ауаның жоғары деңгейде ластануы тіркелмегенін, бірақ кейбір зиянды заттар бойынша асып кету болғанын хабарлаған.
Бұған дейін Алматыда экологиялық рейдтер жүргізіліп жатқаны, зерттеулерге сәйкес, қаладағы ауа ластануының 60%-ы автокөліктерден шығатыны мәлімделген.
Сондай-ақ Алматы Мумбайды артқа тастап, ауаның ластануы бойынша әлемде төртінші орында тұрғаны хабарланған. Алматының алдын тек Лахор, Дели және Ұлан-Батор орайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды