Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 мамыр күні сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесі б мекенжайында орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан, - делінген мәліметте.
Тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп өртті ауыздықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден екі зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде төрт нәресте бар) мен 13 пәтер тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды.
Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек, кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің үшінші қабаттан шыққанын байқап, төтенше жағдай қызметкерлерімен дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған 25 тұрғынды сыртқа шығардық. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады, – дейді өртті ауыздықтаған полицейлер.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді