Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраулық аспаз жағалау бекіту жұмысына жұмылдырылғандарға өз қаражаты есебінен ас әзірлеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде «Бас аспаз» атауымен танымал атыраулық Бағдат Қадыров облыстағы жаға бекіту жұмыстары кезінде өз өнерімен ерекше көзге түсті. Ол бөгет көтеру жұмыстары жүріп жатқан аймақтарға барып, азаматтарға түскі және кешкі ас дайындап отырды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аспаз Атырау қаласындағы Еркінқала, Дамба, Чехов, Талғайран ықшам аудандары мен Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында аспаздық етті. Ал барлық қаражатты өз есебінен шығарып отырған.
Бағдат Қадыровтың аспаз болып жүргеніне 15 жылдан асқан. Қазіргі таңда ол фуд-блогерлікпен қоса, қаладағы мейрамханаларда бас аспаз болып еңбек етеді. Оның айтуынша, мұнда ол өз еркімен, қиын-қыстау шақта жұртпен бірге өз көмегін беруге келген.
Айта кетейік, Бағдат Қадыров 2023 жылы Анталияда өткен әлемдік аспаздар сайысында еліміздің намысын қорғап, 750 аспаздың ішінен топ жарып, жеңімпаз атанған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?