Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысының тұрғыны Атырауға көмекке барамын деп көз жұмған болатын. Қайғылы жағдай Шымкент қаласындағы теміржолда болған. 10 жылдан бері жүк көлігін жүргізетін Қайырбек Қоспанов сапарға аттанарда тонналаған темір астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
35 жасында 7 баласымен жесір қалған марқұмның жұбайы бұл жағдайға әлі күнге сенбейтінін айтады.
Өзің бармай-ақ қойсаң болмай ма?" деп бірнеше рет айттым. Содан ол "жоқ барып келейін. Атыраулық ағайынды көріп қайтайын. Кішкене де болса, көмегімді тигізейін" деп қоймады. Бірақ көңіл-күйі ерекше көтеріңкі болды. Балаларды да еркелетіп, бәрімізге ерекше мейіріммен қарады. Есімді әлі күнге жинай алмай жүрмін. Сыртым бүтін, болғанмен ішім түтін болып жүр, - дейді марқұмның жары Сара Әлібекова.
Марқұмның осыдан 6 ай бұрын сегізінші сәбиі аяқ астынан көз жұмған. Сондықтан әйелі оны бұл сапарға жібергісі келмепті. Алайда 13 сәуірде ол Атырау облысына көмекке жолға шықпақ болыпты.
Өте мейірімді, ақкөңіл бала еді. Ол өз көлігін тиеп болғаннан кейін, қасындағы досының машинасын темірге тиейін деп бара жатқан кезде аяқ асты машина платформадан тайып, басып қалған. Жедел жәрдем жетем дегенше Қайрош қайтыс болып кетеді. Бәрі ол жерде милиметрмен өлшенеді ғой. Машинаның бір дөңгелегі платформадан тайып кеткен. Сол кезде Қайырбек кабинадан түсіп кеткен да, темірдің астында қалып қойған, – дейді марқұмның көршісі Бақытжан Гусейінов.
Марқұмның артында 4 ұл, 3 қызы қалды. Үлкені 16 жаста болса, кенжесі небәрі 2 жарым жаста.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді