Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысындағы Жылыой ауданында Жем өзенінің тәулік ішінде 15 см төмендегені байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны басталғалы бері Жем өзені 107 см төмендеген. Жалпы ауданда жаға бекіту жұмыстары тоқтаған жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жаға бекіту жұмыстарына 6554 адам, 233 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары және 21 бірлік мотопомпалар жұмылдырылды.
Соңғы деректер бойынша, аудан орталығында су астында қалған үйлер саны 2798 құрап отыр. Сонымен қатар аудан төңірегінде облыстық маңызы бар Доссор-Құласары-Ақтау тас жолын су шайып кетті. Жылыой ауданынан 36 738 адам, оның ішінде 9 373 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 10 мыңнан астам төрт түлік мал қауіпсіз жерге көшірілді, - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді