Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтыраудағы Каспий жағалауында жану ошақтары табылды, деп хабарлайды El.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы – МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді. Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 км жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 га алаңда және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 га астам алаңда болды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізіліп жатыр.
Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру 1 ақпанға жоспарланған.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Атырау облысы ТЖД жану ошақтарын сөндіру мәселелерін қарастыруда.
Бұл жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасының жану ошақтарына бара алмайтынын ескерген жөн. Қазіргі уақытта қозғалыс маршруты анықталуда.
Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіруге дереу жіберілетін болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді