20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында жыл басынан бері 54 адам жол апатынан мерт болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал 202 адам әртүрлі жарақат алған.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері 155 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жол апатының барлығы адами фактордан болып отыр. Бұған бірнеше себеп бар. Көлік жүргізушілері өзінің немесе өзгенің өміріне деген жауапкершілікті сезінбей, жылдамдықты шамадан тыс асырады. Рөлде отырып, мобильді телефонды қолданады. Жолдағы маневр жасау талаптарын бұзады. Балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдайды. Ең бастысы, жолда жүру қағидаларын сақтамау салдарынан жол апатына жиі ұшырайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қала мен аудан орталығындағы заңсыз такси қызметімен айналысатын көлік жүргізушілерінің жол апатын жасауға бейім екені анықталған.
Атырау облысында жыл басынан бері 155 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатының салдарынан 54 адам көз жұмып, 202-ден астам жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды. Мәселен, өткен аптаның екі күнінде жол апатынан 9 адам ажал құшты. Сол себептен көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеміз, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?