Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер “Бекіре – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлік салонынан 5 полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 бекіре тұқымдас балық өнімі тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, “Бекіре – 2024” іс-шарасы басталғалы азаматтардан 900 келіге жуық заңсыз ауланған балық өнімі тәркіленді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар