Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында 180 жұмысшыға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақановтың мәліметінше, биылғы 6 айда 58 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 18 мың баланың, 4,2 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған.
Прокуратура қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасына орай азаматтардың құқығын қорғауды жалғастыра береді. Осы орайда прокурорлардың азаматтарды қабылдау тиімділігі артып отыр. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда, жыл басынан бері жеке қабылдауға жазылған адамдардың саны 4,5%-ға өсті. Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 489 млн теңге залал өтеліп, 6,1 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды. Прокуроратура органдарының үйлестіруімен 180 жұмысшыға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді, -деп мәлім етті Бауыржан Жұмақанов.
Оның айтуынша, қадағалау органы қызметінің алдағы уақытта атқарар жұмысының басым бағыттары айқындалған. Оның ішінде азаматтардың, кәмелетке толмағандардың, әсіресе, ана мен баланың, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын, мемлекет мүддесін қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару секілді міндеттер бар. Сондай-ақ, атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?