Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысында Toyota аударылып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте болған.
Атырау-Индер тас жолының 18-шақырымы тұсында Toyota автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік апатына 1998 жылғы жүргізушінің көлікті басқару жүйесін игере алмағаны себеп болғаны анықталды. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды, -деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері жол жиегіне аударылған автокөліктің жүргізушісіне аталған тас жолдың 17-шақырымы тұсында ескерту жасағаны анықталып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді