Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырауда бір топ күдікті 2 жасөспірімді ұрып, қасақана дене жарақатын салған күдіктілер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinfom-ға сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға мұнайлы шаһар маңындағы Еркінқала ауылдық округінде болған.
Екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын салған барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілердің кәмелет жасына толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау басталған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер