Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырауда жоғарғы қабаттан құлаған 16 жасар жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 2 наурызда болған.
«Департаменттің кезекші бөліміне кеше жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында болғанын анықтады. Жасөспірім осындағы көпқабатты үйлердің бірінде жоғарғы қабаттан құлаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді