12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.
35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн. теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды. Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн. теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бұдан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер