22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚұрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысының «Құрметті азаматы», майдангер, мәдениет майталманы Орынғали Қарасаевқа арналған «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов және Орынғали Қарасаевтың жан-жары Дәметия Қарасаева қатысты.
«Тектілік тұғырынан таймаған» естеліктер жинағы - Орынғали Қарасаевтың өнегесі мол өміржолын қамтыған, замандастары мен іні-қарындастарының ақжарма тілегі жазылған туынды. Шара Орынғали Қарасаевқа арналған арнау өлеңдердің поэтикалық прологымен ашылды.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз алып, Орынғали Қарасаевтың өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге екенін айтты. Сонымен қатар еңбек ардагерінің жары Дәметия Қарасаеваға «Ардақты ана» төсбелгісін тақты.
Ағамыз жан дүниесі бөлек кісі еді. Елін сүйіп, оған аянбай қызмет еткен азамат. Ол өмірі мен жанын тігіп соғысқа аттанды. Отан үшін от кешіп, ортамызға оралды. Сол сәттен бастап өмірінің соңына дейін үлкен істердің басынан табыла білді. Ағамыздың тектілігі бір бөлек, пендешілік қасиеттен ада. Елі үшін, қоғам үшін өмір сүрді. Оның жүріп өткен жолы келер ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Аға буын мен іні буын арасында сабақтастық болуы керек. Бүгінгі шара соның дәлелі. Біз қазыналы қарияларымызбен мақтанамыз. Қатарларыңыз сиремесін! Әрқашан еліміздің абыройы боп аман-есен жүргейсіздер, - деді С.Шәпкенов.
Шара барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов Орынғали Қарасаевқа арналған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған көшпелі көрмемен танысты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев