Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы мен жергілікті әкімдік Жайық өзенінен келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 шақырым қосымша канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай мәліметті Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева республикалық ақпараттық штабтың брифингі барысында айтты.
Спикердің мәліметінше,Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалының 4 каналында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалуда. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарында суару кезеңіне жиналған су Каспийге жіберілді.
Нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы – 3 млн текше метр, Бақсай каналы – 7 млн текше метр және Нарын каналы – 4,5 млн текше метр су қабылдай алады, - деді Мөлдір Әбдуалиева.
Бұдан өзге спикер Ақмола облысында тасқын судың «Альва» лиманды суару жүйесінің «Ескі грейдер» бөгеті арқылы асып кеткенін, «Қазсушар» мен жергілікті тұрғындардың күшімен тасқын судың бөгеттен асуы тоқтатылып, Қараөткел кентін су басу қаупі сейілгенін атап өтті.
Осы уақытқа дейін Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1330 см, бір тәулікте ол 27 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?