Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы бақ сынауда.
Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.
Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады:
1️. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);
2️. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);
3️. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);
4️. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер