Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың құбырына қысылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға 20 маусымда болған.
Он жасар бала қатарластарымен бірге жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00 шамасында Атырау қаласының «Вокзал маңы» шағын ауданында орналасқан субұрқаққа ойнауға келген. Сол кезде оның аяғы субұрқақтың су төгетін құбырына қысылып, жасөспірім аяғын шығара алмай қалған. Осыған байланысты оның ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Оқиға орнынан жедел жеткен құтқарушылар арнайы құтқару құралымен баланың аяғын темір тұрбалар арасынан шығарды. Балаға ешқандай зақым келген жоқ.
Ата-аналарға балаларды субұрқақтың суына түсуге жібермеуін ескертеміз. Өйткені, субұрқаққа құлау, жарақат алу қаупі бар. Жалпы, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, субұрқаққа шомылуға тыйым салынғанын қаперлеріңізге саламыз, -деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларына субұрқақтардағы су ойындарының жарақат алу қаупі, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ оларға шомылуға жол бермеу және тыйым салу туралы түсіндіруге шақырады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?