Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырауда өмірде жоқ 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзуға қатысты 100-ден астам дерек анықталған.
Прокурорлық қадағалау шараларымен мүгедек адамдардың жеке көмекшілерінің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмегені, 69 көмекшінің басқа мекемелерде жұмыс істегені, қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.
Бұдан бөлек, Атырау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді, - делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуына қатысты талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік нысандар да анықталып отыр. Осыған байланысты бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді