Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде түгелдей жанған пәтерден 2014 жылғы және 2017 жылғы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға бүгін, таңғы 05:37 минутта болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Қаза тапқан балалардың 29 жастағы анасы мен азаматтық некедегі 30 жастағы жолдасы ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері әйел адамның жағдайы аса ауыр, денесінің 90-95 пайызын күйік шалғанын мәлімдеді. Ал ер адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
Өрт сағат 6:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.
Облыстық полиция департаменті өрт қойды деген күдіктіні анықтап, қамауға алғанын хабарлады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді