Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАтырауда 63 жасқа толатын ер адам өзін өртеп, 81 пайыз күйікпен ауруханаға түскен еді. Ер адам бүгін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық ауруханаға өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15-те жеткізілген.
«Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сале бұған дейін Атырауда өзін-өзі өртеген ер адам 81 пайыз күйікпен ауруханға түскен еді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мақат ауданында болған.
«Мақат аудандық полиция бөліміне Доссор кентінің Аймағамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында ер адамның өзін-өзі өртегені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері өзін-өзі өртеген аталған ауданның 1961 жылғы тұрғыны екенін анықтады», - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс