Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар өрт кезінде 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 мамыр сағат 10:35-те Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан 6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырту түскен. Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануын анықтады.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнынан 44 адам , оның ішінде 15 баланы эвакуациялады.
Өрт салдарынан 30 шаршы метр көлемінде тұрмыстық заттар жанды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде 30 минут ішінде адамдар құтқарылып және өрт жойылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Қазіргі таңда, өрттің шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді