20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда NIS мектебінің 12-сынып оқушысы АҚШ-тағы 6 университеттен музыкалық индустрия бағытында білім алуға шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Атыраулық жас өрен Әмина Құрбанова NIS мектебінің 12-сыныбында оқиды. Оның вокалдық қабілетіне Американың Berklee College of Music, Drexel University, University of the Pacifi, Appalachian State University, Loyola University New Orleans, University of Hartford секілді жоғары оқу орындары қызығушылық танытып отыр.
Ән әлеміне қызығушылығым хорға қатысудан бастау алды. Алғашқыда хорда ән айттым. Кейін жеке айту үшін арнайы дәріс алуды бастадым. Содан бері вокал менің шығармашылығыма айналды. Биыл мектепті бітіремін. Соған байланысты мамандық таңдайтын сәт жақындағанда, ұзақ ойландым. Көп ізденістен кейін музыка индустриясындағы бизнес және менеджмент бойынша бакалавр бағдарламасын таптым. Кейін бұл өте жақсы таңдау екенін түсіндім. Өйткені бұл бағдарламамен музыка мен қаржы, бизнес және тағы басқа салаларда академиялық білімді біріктіруге мүкіндік береді, - дейді Әмина Құрбанова.
Атыраудағы химия-биология бағытындағы NIS зияткерлік мектебі басшыларының мәліметінше, білім ордасын бітірген 15 түлек шетелдерде жоғары білім алып жүр. Ал, биыл 12 түлекке шетелдің университеттерінен шақыру келген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?