Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау қаласы және шаhарға қарасты елдімекендерде маса улау жұмыстары басталды. Бүгінде көпқабатты 1200-ден астам тұрғын үйдің жертөлелері мен кіреберістері дезинфекциялануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маса улау жұмыстары айдың ортасынан бастап ашық су алаңдары мен саябақ, көшелерде жалғасады. Оған 15-ке жуық техника жұмылдырылды.
Масаға қарсы дезинфекция жұмыстары қаланың екі бөлігінде жүреді. Тұрғындар тарапынан арыз-шағымдарды қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы, сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығынан қабылдаймыз. Процесс барысында есік-терезенің ашылмағаны абзал. Жұмыстың қай үйлерде жүретіні пәтер иелері кооперативіне алдын ала хабарланады, соған сәйкес тұрғындарға да ескертіледі,- деді ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Елтай Айбатов.
Массаға қарсы дезинфекциялық препарат экологияға, адамдарға зиянсыз.
Залалсыздандыру жұмыстарына агран, циперрметрин, анти-инсекта, фаскон препараттарын қолданамыз. Жұмыстар арнайы кестеге сай жасалады,- деді Мердігер мекеме менеджері Мақсат Жанаев.
Қаланың оң жақ жағалауында 8 адам мен 8 техника, ал сол жақ жағалауда 6 адам мен 6 техника жұмыс істеуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді