Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау қаласы Қызылбалық ауылында жол апаты орын алып, салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Оның бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ерсін Қожахметовтің айтуынша, мұнайлы шаһардан Дамбы бағытына қатынайтын жолдың Қызылбалық елді мекені тұсында екі көлік соқтығысқан. Оқиға бүгін, 1 маусым күні 12:20-да болған.
ВАЗ – 2141 және Honda Odyssey көліктерінің соқтығысуы салдарынан 2 адам жарақат алды. Көліктің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Жасөспірімнің жасы – 17-де.
01.06.2023 жылы 12:30-да Атырау-Дамба тас жолында ФОК тұсында жол көлік оқиғасы бойынша «103» пультіне шақырту түскен. Дер кезінде бригадаға жолданды. Алғашқы көмек 1 ересек, 1 жасөспірім балаға көрсетілді. Қазіргі таңда әр түрлі сыртқы дене жарақатымен облыстық аурухана және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді