19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Атырауда кәріз құдығына құлаған 5 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 ж.т тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сақшылар жедел-іздестіру жұмыстарын дереу басталған.
Шақыру орнына барған полицей баланың дауысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп қалып, оны шығарып алуға талпынған. Ол балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсініп, өзге әріптестерін де көмекке шақырды. Кәріз құдығының аузы тар болғандықтан, бүлдіршінді денесіне жарақат салмай алып шығуға 5 минуттай уақыт кеткен.
Қазіргі таңда баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары