Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау қаласында 51 жастағы әйел №1 қалалық емханада емшара кабинетінде инъекция алғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда болған. Сағат 09:15-те әйелге инъекция салынған, 5 минуттан кейін ол әлсіреп, есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмекке қарамай, әйел жарты сағаттан соң қайтыс болған.
24 қарашада ол есту қабілетінің нашарлауына шағымданып, емхананың отоларинголог дәрігеріне көрінген. 13 желтоқсанда пациент жекеменшік клиниканың сурдолог-дәрігеріне жүгініпті. Сол күні әйел процедуралық кабинетке жолдама алу үшін учаскелік дәрігердің қабылдауында болған.
Қазіргі уақытта әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді