29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау облысында есірткі таратумен айналысқан жасөспірім 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері наурыз айы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысып жүрген 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Тексеру кезінде 26,7022 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі және 16 дана изолентаға түйілген орама тәркеленді.
Осылайша, 17 жастағы жасөспірім OLX әлеуметтік желісі арқылы заңмен тыйым салынған мефедрон синтетикалық есірткісін қала аумағындағы кез келген жерлерге жасырын қойып кету арқылы ақша таппақ болғанын айтты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті кінәлі деп танылып, сот шешімімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек