Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда иттің мойнына кірпіш байлап, Жайық өзеніне лақтырып кеткен. «Доброе сердце» қорының кинологы, волонтер Мамучар Джабасовтың айтуынша, дабылды оқиғаға куә болғандар қаққан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бірден Жайық өзенінің жағасына жеттік. Иттің жағада жатқанын көрдік. Оның мойнына ұзын жіппен кірпіш тас байланған. Судан қалай шыққаны белгісіз. Бірақ, ит тірі болғанымен, еш қозғалыссыз жатты. Соған қарағанда, судан шығу үшін біраз арпалысқан болуы керек. Ит кішкентай, бірақ оны көтеріп, жағадан әрірек әкету қиынға түсті. Оны көтерген себебіміз, жануардың аяғы да байланған, - дейді Мамучар Джабасов.
Волонтерлер итті дереу үйге әкеліп, барлық қажетті реанимациялық процедураларды жасаған. Кейін ит тамақтана бастаған. Бірақ, әлі тұра алмайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?