Атырауда екі сәбиін сатқан әйел анықталды

7 Ақпан 2023, 10:38 726

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылы және 2022 жылы туған сәбилерін сатқан 1991 жылғы БҚО-ның тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: