Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған. Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионаттар таратылды.
Экстремистік құжаттардың таратылуының алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау әрқашанда прокуратура органдарының басты назарында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді