7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Білім ордасының әкімшілігі бос жұмыс орындарына конкурс жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мектеп-гимназия әкімшілігінің мәліметінше, білім ордасына тұрақты жұмыс істеуге пән мұғалімдері қажеттігі туындап отыр.
«Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №3 мектеп-гимназиясы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде бос орындарға педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды. Конкурс құжаттары 14-22 тамыз аралығында қабылданады», -делінген білім ордасының хабарландыруында.
Мәселен, оқушыларға информатика пәнінің қыр-сырын меңгертетін 3, бастауыш сыныптарға 7 мұғалім керек. Математика, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің әрқайсысына 4 мұғалімнен қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс беретін 2, оқушыларды көркем еңбекке баулитын 4 мұғалімнің орны бос тұр. Химия, физика, география пәндерінің әрқайсысы үшін бір-бір педагогтан жұмысқа шақырылған.
Сондай-ақ, бір-бірден спорт нұсқаушысы мен шеберхана меңгерушісі, педагог-ұйымдастырушыны, химия, биология, физика және информатика пәндері үшін 4 зертханашы керек. Мектеп директорына 2 орынбасар қажет. Орынбасардың біріне оқу ісі, ал, екіншісіне тәрбие ісі жөніндегі міндет жүктеледі.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?