Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент тапсырмасын іске асыру мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық тұрғыда қолдауға арналған 198 орталық құрылды,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, орталықтарда былтыр қыркүйек-желтоқсан аралығында 832 сабақ өткізіліп, 46 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олардың қызметін жүйелі ұйымдастыру үшін 6000-нан астам сынып жетекшісі апта сайын онлайн оқыту вебинарларына қатысып, білімдерін жетілдірген.
Жалпы үкімет жекеменшік мектептерде білім алатын оқушыларды назардан тыс қалдырған емес. Облыста 1200-ге жуық білім алушыны қамтитын 20 жекеменшік мектеп бар. Мемлекет ұйымдар желісін көбейту және балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөліп, балаларды жекеменшік мектепте оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс берілетін болады. Бұл жұмыстар осы кезге дейін Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылып келген болса, биылдан бастап Атырау облыстық білім беру басқармасы арқылы жүзеге аспақ. Сондай-ақ жекеменшік мектептерде білім алатын осал топтағы отбасының балалары мектеп құрал-жабдықтарын оқу ордасындағы шәкірттермен бірдей алатын болады,- деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді