Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАтырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Индер ауданының Есбол ауылында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктінің мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады